$498.69 €522.23 ₽5.79
×

"Балалар театр мен музейге тегін кіре алады", - Айбек Сыдықов

AstanaTV
26.02.2025ж. 14:33
185
"Балалар театр мен музейге тегін кіре алады", - Айбек Сыдықов
Фото: Үкімет

Заң бойынша балаларға театр мен музейлерге кіру тегін, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі  Айбек Сыдықов айтты. 

Бүгін мәжілісте “Мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының ішінде "Ақылман" картасы бар. Ақылман картасы мектеп оқушыларына мәдени ұйымдарға баруға мүмкіндік береді. Осылайша олардың елдің мәдени өміріне атсалысуға мүмкіндік береді. Негізі мұндай бастамалар шетелде сәтті жүзеге асып жатқанын айта кетуіміз керек. Италия, Испания және Франция секілді елдерде осындай сәтті жобалар іске асты.