Танымал әнші Қайрат Нұртас туған күнін отбасымен бірге мейрамханалардың бірінде атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші 25 ақпан күні 36 жасқа толды. Туған күн кешінен фото-видеоларды әншінің жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жариялады.
«Әлем күте тұрсын! Балаларымның миына жарқын сәттерден мұрағат жиып жатырмын. Енді аздаған уақыттар өткен соң балаларымыз бізге мұқтаж болмайтын күндер де туады», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Қазақтың әр шаңырағына осындай бақыт тілеймін!», «Әке-шешең, бала-шағаң аман болсын! Өнерің өрлей берсін! Аман бол, Қайрат бауырым!», «Туған күнің құтты болсын, Қайрат балам! Балаларыңның қызығына кенеліп жүре бер», - деп жазды желі қолданушылары.