$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Биыл АЭС-ті кім салатыны нақты белгілі болады

AstanaTV
26.02.2025ж. 16:42
58
Биыл АЭС-ті кім салатыны нақты белгілі болады
Фото: бейнеқор

Қазақстан уран өндіру мен ядролық энергетиканы дамытуда белсенді қадамдар жасап келеді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, өткен жылы Қазақстанда 23,27 мың тонна уран өндірілді. Сонымен қатар, 308 тонна уран өнімі сатылып, 380 жылу бөлгіш құрастырма экспортталған. Бұл көрсеткіштер Қазақстанның әлемдік уран нарығындағы жетекші орнын тағы бір рет дәлелдеп отыр.

АЭС құрылысы үшін консорциум таңдау жұмыстары жүрді.

2024 жылы Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша маңызды келіссөздер жүргізілді. Ядролық технологияларды жеткізетін әлеуетті серіктестермен ашық бәсекелестік диалог өтті. Осы келіссөздердің нәтижесінде Үкімет Алматы облысы, Жамбыл ауданын атом электр станциясын салуға лайықты орын ретінде бекітті.

2025 жылға қандай жоспарлар бар?

Келесі жылы атом энергетикасын дамыту мақсатында бірнеше стратегиялық қадам жасалмақ:

- АЭС салу үшін технологиялық серіктесті (сатушыны немесе консорциумды) таңдау;

- Үкіметаралық келісімдер мен келісімшарттар жасау;

- Атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясын әзірлеу.