$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Перизат Қайраттың су тасқынына деп миллиардтаған ақша жинаған қоры жабылады

AstanaTV
26.02.2025ж. 16:55
70
Перизат Қайраттың су тасқынына деп миллиардтаған ақша жинаған қоры жабылады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Астананың Әділет департаменті су тасқынына бөлінген қаражатты жымқырды деген Перизат Қайраттың қайырымдылық қорын мәжбүрлеп жабу туралы сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әділет министрлігнің мәліметінше, 14 ақпанда елордалық сотқа Перизат Қайрат басқаратын «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлеп жабу туралы талап-арыз түсті.

«Сот талабын беруге Қаржылық мониторинг агенттігінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тіркеуді жою рәсіміне бастамашылық жасау туралы хаты негіз болды. Себебі бірлестік құру кезінде жойылмайтын сипаттағы, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз болатын заңнамалық бұзушылықтарға жол берілген», - деп түсіндірді министрлік.

Сот кабинетінің мәліметі бойынша, сотталушыға 15 күн, яғни 7 наурызға дейін дәлелдермен қарсылық білдіруге уақыт берілген.