$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Маңғыстауда 11 келі қара уылдырық тәркіленді

AstanaTV
26.02.2025ж. 17:37
67
Маңғыстауда 11 келі қара уылдырық тәркіленді
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, Ақтау қаласының 34 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды polisia.kz.

Жеке тінту кезінде одан 5,2 келі қара уылдырық табылып, тәркіленді.

Кейін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы азаматтың тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, полиция тағы 5,8 келі қара уылдырық тәркіледі.

Тәркіленген уылдырықтың жалпы салмағы шамамен 11 келіні құрады.

Қазір тергеу жүріп жатыр.