Елордада ескі вокзал маңындағы көпқабатты үй қирауға шақ тұр. Пәтер иелері осылай дабыл қақты. Айтуларынша, бұған таяуда болған жүк вагонының жарылысы әсер еткен көрінеді. Әуре-сарсаңға түскен тұрғындар не істейміз деп әлек.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Бір қарағаннан- ақ мынау үйдің көрінісі адам қорқытады. Қабырғасы сөгіліп, төбесі опырылып құлауға шақ тұр. Бара жері, басар тауы болмағасын тұрғындар амалсыз осында қоныстап отыр.
Бұл жатақхананың тарихы жарты ғасырдан асқан. Содан бері тұрғындар өз қалталарынан ақша шығарып жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда, жақында болған жүк вагонның жарылуынан кейін үйдің іргетасы ыдырап, қабырғасы жарылып сыр беріпті. Енді опырылып құламаса екен деп қорқып отырмыз дейді.
ДАНИЯР ТУБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бесінші этаждан бірінші этажға дейін жарық бар. Шов деген жетеді бәрінде. Трещина көп. Ертерек қимылдамасақ бұған. Көктем келе жатыр. Бүгіннен бастап қимылдамасақ қар еріп жатыр. Бұл здания осадка беріп жатыр, көктемде Құдай білсің қалай болатынын. Жоқ дегенде бір екі сантиметр түссе осадка бұл бірақ құлап қалуда мүмкін.
Жатақханада 134 бөлме бар. Мұнда тұратындардың көбі жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі бала асыраушылар және театр қызметкерлері. Олар әр күнді қорқынышпен өткізуде.
АЛЕКСАНДРА АЛФЁРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жарылыстан ешкім сақтандырылмаған. Екінші рет қайталанса, не боламыз? Қанша адам бар. Балалар не болады? Қазірдің өзіңде дуалдар жарылып кетті. Бұны бұлай қалдыруға болмайды. Көмек керек бізге.
ГҮЛЗАТ ӘСМЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мына вагон жарылысына байланысты бізде тршиналар болды. Ертеңгісі күні жилищный фондтың директоры келді. Көрсеттік терезем ашылмай қалды. Ол кезде айтты мынау терезен осадок беріп, түсіп мына жер деді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, былтыр ғимаратқа техникалық тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде жатақхана апатты деп танылыпты.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ:
Аттестатталған ұйымның қорытындысы бойынша ғимарат апаттық жағдайда, физикалық тозу мөлшері 74% құрайды және ақауларды жою құны жаңа ғимарат құрудың бағасынан артық болуы мүмкін. Салдарынан ғимаратты бұдан әрі қолдану үшін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу мүмкін емес және экономикалық жөнсіз.
Тұрғындардың осы үйде жан сауғалай тұрудан басқа амалы жоқ. Жаңа баспанаға қашан көшірілері белгісіз.