$504.44 €545.65 ₽5.95
×

«AMANAT PIKIR» диалог алаңы жұмысын бастады

26.02.2025ж. 20:00
271
«AMANAT PIKIR» диалог алаңы жұмысын бастады

Бүгінгідей жаһанданумен бетпе-бет келген қоғамның руханияты, әлеуметтік-мәдени өміріндегі өзгерістер қашан да «AMANAT» партиясының назарында. Осы орайда, партия облыстық филиалы «AMANAT PIKIR» диалог алаңы бастамасын қолға алды. Диалог алаңының алғашқы тақырыбы рухани құндылықтар мен той мәдениетіне сондай-ақ, еңбек адамдарының жұмысын насихаттауға арналды. Қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру туралы ойлар айтылды. Бұдан өзге, күнделікті жұмысы арқылы ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Еңбек адамдары мәртебесін арттыру мәселесі сөз болады.

ОРАЛХАН ДӘУІТ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жұмысшы мамандығын дәріптеу мәселесі бұрында көтерілген. Бірақ ол көтерілген мәселелердің барлығы тек қана науқанмен қалды да, нақты іс болмай, сол күйі бір жылдық іс шараның түйінінде қалып кетті. Енді мынау біздің бүгінгі панелдік отырыста спикерлердің ойлары өте жақсы дүние, өте жақсы тақырып. Бірақ, сол бұрынғы әдеттегідей сол сөз күйінде қалып кетпесе, нақты іс болса деген нәрсені айтып отыр.