$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Ақтөбе облысында 28 адам малдан бруцеллез дертін жұқтырған

26.02.2025ж. 20:00
174
Ақтөбе облысында 28 адам малдан бруцеллез дертін жұқтырған

Ақтөбе облысында былтыр 28 адам малдан бруцеллез жұқтырған. Оның алтауы- бала. Бұл дерт адамға ауру малдың шикі еті мен сүті арқылы жұғады. Ауру қалай таралды? Бақыт Қазанғапқызы анықтады.

Өңірде былтыр 750 мыңнан астам ірі қара тексеріліп, оның үш мыңнан астамынан бруцеллез анықталған. Алайда, оның тең жартысының еті ашық саудада дүкен сөрелері мен базарларда сатылып кеткен көрінеді. Бұл мәселеге депутаттар алаңдаушылық білдіріп, базарлар мен сауда нүктелеріне тексеру жүргізді.

САМАТ ҚАЛДЫҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Патологиялық анатомиялық өзгеріс болмаса онда свободно сатуға рұқсат деген бұйрық бар. Бір ол арада екінші жағы бар. Біз ешқайсымыз тек бруцеллезді малдың қанынан ғана тексере аламыз. Қаннан басқа еттен тексере алмаймыз.Изменение болады, талақ іседі деген бар. Ол кейбірінде болады, кейбірде ондай белгілер болмайды. Біздің түсінігіміз ше мал ауру ма онда глубокий переработкаға кету керек.

Қалада мал союға арналған 4 орын бар. Оның үшеуі ауру малды қабылдайды. Бүгін осы мал сою бекетінде 15 бас бруцеллез дертіне шалдыққан ірі қара сойылып жатыр. Негізі дертке шалдыққан түлік шұжық жасайтын цехқа тапсырылса, оған оның құнының жетпіс пайызын цех төлейді. Қалған 30 пайызы жергілікті бюджеттен нарық бағасына сай төленеді.

СЕРІК ЖЕНСИКОВ, ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ:

Қан алғаннан кейін оң нәтиже көрсеткен малдарды қалаға жеткізіп, убойный пуктте сойылады. Бруцеллез оң нәтиже көрсеткен малды патологиялық изменение болмаса 12 сағаттан соң холодильникте тұрғаннан кейін безограничение кете береді реализацияға ет.

Ақпан айында 15 мың ірі қара, 10 мыңнан астам ұсақ малды осы сарып дертіне тексерген. Оның 300-нен бруцеллез анықталған. Бұл дертке шалдыққан мал ережеге сай тек арнайы сою бекеттерінде сойылу керек. Әсіресе, малды өздігінен сою арқылы дертті жұқтыру қауіпі басым.

БЕРДІМҰРАТ БИЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде ең адамға жұқпалысы ең қауіптісі қой мен ешкі. Олар ешқандай саудаға жіберілмейді. Бірден проварка дейді. колбасный цехқа жіберіледі. Ал ірі қара мал ше? Ал оны не совместимый дейміз. Ол заңға сәйкес изменение болмаса 12 сағаттан соң реализацияға жіберіледі.

Былтыр сарып дертіне шалдыққан 1244 ірі қара мал , 893 қой өңдеу тапсырылған. Жергілікті бюджеттен кәсіпкерлерге 150 млн теңгеден астам өтемақы төленген.