Талдықорған қаласынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан демалыс орны маңында өзен арқылы өтпек болған екі жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылған. Іішіндегі бес жолаушы құтқарылды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.