$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Жетісу облысында жолаушысы бар көлік мұз астына түсіп кетті

26.02.2025ж. 20:00
264
Жетісу облысында  жолаушысы бар көлік мұз астына түсіп кетті

Талдықорған қаласынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан демалыс орны маңында өзен арқылы өтпек болған екі жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылған. Іішіндегі бес жолаушы құтқарылды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.