$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Енді қазақстандықтар жаппай психикалық тексерістен өтеді

AstanaTV
26.02.2025ж. 21:50
79
Енді қазақстандықтар жаппай психикалық тексерістен өтеді
Фото: freepik

Енді қазақстандықтар жаппай психикалық тексерістен өтеді. Осы арқылы азаматтардың ақыл-ойының дұрыстығы, эмоцияналдық жағдайы анықтамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған науқастарды ауруханада емдеу, жүйелі түрде бақылау жүргізу жоспарланып отыр. Себебі елімізде есепте тұрған 297 мыңға жуық адамның 8 мыңы ғана психикалық орталықтарда ем алады екен. Әзірге жоба қаралып жатыр.

Министрліктің бұл бастамасын ел тұрғындарының басым көпшілігі қолдап отыр. Себебі жаңа өзгеріс қоғамдағы жантүршігерлік жайттардың алдын-алуға көмектеседі дейді.

“Психикалық мәселесі бар адамдарды есепке алып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Жаппай тексеру мүмкін емес. Себебі бұл кей адамдардың жанына батып, арына тиюі мүмкін. Біреулерге ұнамауы мүмкін”, Өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Өзімде психологқа барып емделіп отырмын”, “Балалардың көбі компьютердің алдында, телефонда көп отырады. Түрлі контенттер көріп, неше түрлі ойындарды ойнайды. Балаларға міндетті түрде керек”, –дейді тұрғындар.