$501.28 €526.19 ₽5.86
×

ШҚО-да пәтер алып беремін деп алты адамды алдаған алаяқ 56 млн теңге пайда көрген

AstanaTV
26.02.2025ж. 22:19
93
ШҚО-да пәтер алып беремін деп алты адамды алдаған алаяқ 56 млн теңге пайда көрген
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Шығыс Қазақстан облысында пәтер алып беремін деп алты адамды алдап соққан алаяқ 56 млн теңге пайда көрген, деп хабарлайды KAZINFORM.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, алаяққа алданған 6 адам полицияға хабарласқан. Жәбірленушілер мемлекеттік бағдарлама арқылы арзанға баспана алып беремін деп уәде берген әйелге ірі көлемде ақша бергендерін жеткізді.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ең әуелі Өскемен тұрғыны әріптесіне өзінің анасы баспана алуға көмектесе алатынын айтқан. Осылайша, бұл сөз «сарафан радиосы» арқылы ары қарай тарап, осы қызметті пайдаланғысы келген басқа адамдар да пайда болған.

- Азаматтар күдіктіге сұраған ақшасын бере салған. Алайда уәде етілген пәтер кілтін сол күйі алмады. Кейіннен әйел мүлде байланысқа шығуын тоқтатқан. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 56 000 000 теңге, - делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні анықтап, тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.