$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

AstanaTV
26.02.2025ж. 23:22
73
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 27 ақпан мен 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Astana TV тілшісі.

Алдағы күндері де оңтүстік циклон ел аумағының басым бөлігіне ықпал етеді, сондықтан боран соғып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қатты қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, 27 ақпанда түнде республиканың оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел соғады.

"Түнде ауа температурасы солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында 12-28 градус аязға дейін, солтүстікте 15-25 градус аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-10 градус аязға дейін, батыста ауа температурасы 5-20 градус аязға дейін төмендейді", - деп жазылған хабарламада.