$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Мәңгілік ел» пойызы Алматыға жетті

AstanaTV
18.03.2016ж. 20:00
1539
«Мәңгілік ел» пойызы Алматыға жетті

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай жолға шыққан жалпы республикалық «Мәңгілік ел» пойызы бүгін Алматыға жетті. Құрамында түрлі сала мамандары бар пойыз жолаушыларын алматылықтар мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.

Арнайы жүрдек пойыз 15 ақпанда Астана қаласынан шыққан болатын. Үгіт құрамы бір ай ішінде еліміздің 33 елді мекеніне аялдап, ондағы тұрғындарға әлеуметтік көмектер көрсеткен. Заңгерлер мен банк қызметкерлері халықтың көкейінде жүрген несие, жекешелердіру және жер мәселелеріне байланысты сұрақтарына жауап берген. Әрі Елбасының әр саладағы реформаларына байланысты өзгерістер түсіндірілген. Сондай-ақ, ауыл халқына медициналық қызмет те көрсетілді.

Әміржан Әлпейісов, «Мәңгілік ел»  пойызы штабының жетекшісі:

Ауылды елді мекендерде негізінен кардиолог дейміз, жүрек ауруы, қан қысымы, сондай-ақ, балалардың, ісік ауруына байланысты өте қажетті мамандарды алып барған болатынбыз. Қабылдаған адамдарына жолдама беріп, 10 күннен кейін Алматы және Астана қалаларында болып, тосып қабылдап, яғни емін әрман қарата жалғастырады олар. 

Самат ҚАНАҒАТОВ