$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылды

AstanaTV
27.02.2025ж. 07:24
80
Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылды
Фото: mel.fm

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұсынысты оқу-ағару министрлігі жасады.

Министрлік мәліметінше, бұл шара ата-аналардың балаларын бақылауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар балалардың суицид, зорлық-зомбылық және буллингке қатысты қауіпті контенттерге қол жеткізуін шектеуге мүмкіндік береді.

Балаларға арналған SIM-картаны жеке сәйкестендіру нөмірі (ИИН) мен туу туралы куәлік арқылы тіркеу жоспарланған. Мұндай SIM-карталар кәмелетке толмағандармен байланысты алаяқтық тәуекелдерін азайтып, төтенше жағдайларда оқушыларды тез табуға көмектеседі.

Жаңа ереже оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды зорлық – зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына” өзгертістер мен толықтырулар енгізу аясында ұсынылған.