Камчатканың шығыс жағалауында (Ресей) магнитудасы 5,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы мәлімдеді. Таратылған ақпаратқа сүйенсек, дүмпудің эпицентрі Никольское ауылынан шығысқа қарай 95 км жерде болған.
Жер сілкінісінің ошағы 64 км тереңдікте жатты.
Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ және цунами қаупі жарияланған жоқ.