$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Астанада 55 жастағы тұрғын жұмыстан заңсыз шығарған мекемені сотқа беріп, жеңіп шықты

AstanaTV
27.02.2025ж. 12:17
83
Астанада 55 жастағы тұрғын жұмыстан заңсыз шығарған мекемені сотқа беріп, жеңіп шықты

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты жұмыстан заңсыз босатуды даулау және жұмысқа қайта орналастыру туралы істі қарады, - деп жазды KAZINFORM.

Істің мән-жайына сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде жұмыс берушінің бұйрығымен талап қоюшы еңбек сіңірген жылдары және қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты жұмыстан шығарылған.

Талап қоюшы екі міндетті критерий: яғни еңбек сіңірген жылдары және қызметті өткерудің шекті жасына жетуі – жұмыстан шығаруға негіз бола алады деп есептейді. Осы критерийлердің кем дегенде біреуі болмаса бұл негізді қолдану мүмкін емес.

Сот талап қоюшының 1990 жылы ішкі істер органдарына қызметке қабылданғанын және 2022 жылға дейін қызмет еткенін, сондай-ақ қызметте болу үшін шекті жасқа (55 жас) жеткенін анықтады.

Талап қоюшының қызмет ету мерзімі екі рет ұзартылған. Алайда екі критерийге бір уақытта қол жеткізу тек 2025 жылдың шілдесінде болады, себебі жұмыстан босату туралы бұйрық шығарылған кезде қызмет етудің шекті мерзімі әлі келмеген.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңда қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қызметкердi еңбек сіңірген жылдары және қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты құқық қорғау органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайтыны нақты көрсетілген.

Бұл ретте зейнетақы алу құқығын беретін қызмет өткеру жасына бір рет қана қол жеткізуге болады.

Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды.

Талап қоюшыны жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз деп танылып, ол бұрынғы қызметіне қайта орналасты.

Шешім заңды күшіне енді.