$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Ұлытауда әкімге айыппұл салынды

AstanaTV
27.02.2025ж. 13:25
78
Ұлытауда әкімге айыппұл салынды

Жаңаарқа аудандық сотында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысқа жауап беру мерзімдерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 479-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған ауылдық округ әкіміне қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау сотының 2023 жылғы 6 қарашадағы 27 ақпандағы ақпараты бойынша Жаңаарқа ауданында спорт кешенінің құрылысына арналған құрылыс материалдарын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында 2024 жылғы 12 қарашада тергеуші анықталған бұзушылықтарды жою туралы Жаңаарқа ауданы әкімінің атына ұсыныс жолданды. Бұл құжатты әкімнің орынбасары 2024 жылдың 14 қарашасында ауылдық округ әкіміне тапсырды. Алайда көрсетілген бір ай мерзімде жауап берілмеді.

"Сот отырысында азамат С. өз кінәсін толық мойындап, құжатты дер кезінде алғанын, бірақ ауылда электр қуатының жиі үзілуіне байланысты тиісті мән бере алмағанын түсіндірді", – деді сот.

Сот жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, әкімді кінәлі деп танып, 27 524 теңге айыппұл салды.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.