$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Израиль 641 палестиналықты түрмеден босатты

AstanaTV
27.02.2025ж. 13:57
74
Израиль 641 палестиналықты түрмеден босатты

Азат етілген палестиналықтардың жалпы саны 1 776-ға жетті, деп хабарлайды KAZINFORM. 

ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтату және тұтқын алмасу келісімінің жетінші раунды аясында 641 палестиналық тұтқын босатылды.

Келісімнің бірінші кезеңінде тапсырылуы тиіс болған төрт израильдік тұтқынның денесі Израильге жеткеннен кейін палестиналық тұтқындар да босатылды. Олар басып алынған Батыс жағалаудағы Офер әскери түрмесінде және Израильдің оңтүстігіндегі Кезиот түрмесінде болған. Палестиналықтар алмасу аясында Қызыл Крестке тапсырылды.

Қызыл Крест Офер түрмесінен шығып, Рамалла қаласына барды, оларды әлемге әйгілі палестиналық ақын Махмуд Дарвиш атындағы мұражайда дүйім жұрт қарсы алды.

Тұтқындар алмасуының жетінші раунды аяқталды, осылайша келісімнің бірінші кезеңі орындалды. 33 израильдік тұтқын ауыстырылып, босатылған палестиналықтардың жалпы саны 1 776-ға жетті.