Былтыр және биыл алимент төлемеу фактілері бойынша облыс прокуратурасы 37 сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысын бастады. Оның 7 борышкеріне қатысты айыптау үкімдері шығарылды, 10 қылмыстық іс қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды, 20 іс өндірісте. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, қазірдің өзінде 3 қылмыстық іс тіркелді.
Мысалы, борышкерлердің бірі алимент бойынша 2,5 млн теңгеден астам қарызы бола тұра, екі жыл бойы төлеуден жалтарған.
«Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысы бір ай ішінде аяқталып, істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.
Сот үкімімен борышкерге 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Қазіргі таңда 2,5 млн теңге қарыздың 1 млн теңгедей өтелді. Балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда», - делінген прокуратура хабарламасында.