$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Атырау облысында 28 жылқыны ұрлаған күдікті қамауға алынды

AstanaTV
27.02.2025ж. 15:42
170
Атырау облысында 28 жылқыны ұрлаған күдікті қамауға алынды

Атырау облысының Индер ауданындағы Көктоғай ауылының тұрғындары 28 жылқының ұрлағаны туралы дабыл көтерді. Осыған орай облыстық полиция департаменті мал ұрлған күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады, - деп жазды  KAZINFORM

Атырау облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подколковнигі Абай Жұмабаевтың айтуынша, ұсталған күдіктінің жасы – 45-те.

– Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Махамбет ауданының аумағында 28 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен 45 жастағы ер адамды ұстады. Қазір күдікті қамауға алынды. Ірі көлемде мал ұрлығы дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары басталды. Қылмысқа қатысты барлық дерек пен мән-жай тексеріліп жатыр. Айғақ заттар тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады Абай Жұмабаев.