$501.49 €525.71 ₽5.77
×

Бойжеткенді өлтірген күдікті түрмеде бой жасырған

27.02.2025ж. 20:00
68
Бойжеткенді өлтірген күдікті түрмеде бой жасырған

Қостанайда жазасын өтеп жатқан сотталушы басқа бір іске күдікті ретінде тергеу изоляторына жеткізілді. Оған 21 жыл бұрын адам өлтірді деген айып тағылып отыр. Полицейлер сол тұста күдіктіні ұстаған.Бірақ дәлел жеткіліксіз болған соң, ол жазадан құтылып кеткен көрінеді. Қылмыстық іс тоқтатылғанымен, тергеушілер іс материалдарын терең талдауды тоқтатпаған. Полицейлермен қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері бірлесіп кешенді іс-шаралар жүргізген.Соның нәтижесінде 44 жастағы күдікті анықтады. Ол - 18 жасынан бері темір тордың ар жағында отырған адам болып шықты. 2003 жылы бостандыққа шыққан кезінде 21-дегі бойжеткенді жолықтырады. Екеуі арақ ішіп, көңіл көтереді.Кеш соңында жыныстық қатынасқа түсуді ұсынады. Қарсылық білдірген қызды зорлап,тұншықтырып өлтірген.Күдікті жазасын өтеп жатқан жерінен тергеу изоляторына қамауға алынды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

БАУЫРЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Талдау жүргіздік.Қосымша куәгерлер табылды.Сол уақытта болған. Ол кісінің сол жерде болғаны.Ол сол кезде басқа қылмыстан бір ай бұрын ғана босап шыққан адам.Жасырын тергеу әрекеттерін жүргіздік.Қазір ол кісі басқа қылмыс бойынша жазасын өтеп жатыр.Сотпен жазасы дәлелденетін болса, 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын болады.