Атырау облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген мәдениет үйі ашылды. Мәдени нысанды Махамбет ауданына қарасты Сарытоғай ауылы халқы асыға күтті.Себебі өткен ғасырда салынған ескі ғимараттың әбден тозығы жеткен. Ал жаңа мәдениет үйі құрылысы 2017 жылы басталғанмен жауапсыз мердігер компаниялардың кесірінен тоқтап қалған еді. Дереу «AMANAT» партиясы партиялық бақылау бекетін ашылып, зерделеу жұмыстары жүрді. Нәтижесінде есігін айқара ашқан көрме залы, кәсіби сахна, түрлі кабинеттермен жабдықталған 200 орындық мәдениет үйі шығармашылық бастамалардың қайнар көзі болады,- дейді жиналғандар.
МАХУЗА НҰРЖАНОВА, САРЫТОҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бүгінгі күні қуанышымызда шек жоқ. Бүкіл ауыл, ауылдастар болып, ауылдың жастары осы мекемені күткенбіз. Зейнеткерлер де күтеміз. Арасында келіп, конццерт қоятынымыз бар еді. Ризамыз. Қуаныштымыз.
РУСЛАН ӘЖЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Нысанды алады да, құрылыс компаниялары аяқтамайды. Жауапкершілігі төмендігінен осы уақытқа дейін созылған. Партиялық бақылау комиссия мүшелері апта сайын, ай сайын келіп, мердігер мекеммен тығыз байланыста жұмыс жасап, осы жұмыстың аяқталуына, жергілікті әкімдікпен бірге жұмыс істеді. Соның арқасында мәдениет үйі толықтай аяқталды.