$501.49 €525.71 ₽5.77
×

Алғыс айту күніне орай Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті

27.02.2025ж. 20:00
105
Алғыс айту күніне орай Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековпен  кездесу өтті

Еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан қайраткерлер мен еңбек адамдары ерекше құрметке лайықты. Алғыс айту күніне орай Еуразия ұлттық университетінің студенттері көрнекті сәулетші, мемлекеттік елтаңбаның авторы, "Барыс" орденінің иегері Жандарбек Мәлібековке ризашылықтарын жеткізді. Кездесу барысында қайраткерге Мәдениет және Ақпарат министрлігі сый жасап, қошемет көрсетті. 2016 жылдан бері аталып келе жатқан атаулы мерекенің тағылымдық мәні зор. Жандарбек Мәлібеков болашақта бұл дәстүрге айналып, қазақ халқының берік, мықты рухын одан сайын күшейте түссе дейді.

ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ, ЕЛТАҢБА АВТОРЫ, «БАРЫС» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:

Біздің Ұлы дала мәдениетіндегі «Алғыс айту», «Көрісу», бір-біріне құрмет көрсету, ізет жасау, тұту – бұл дегеніміз керемет нәрсе. Бұл дәстүр келе-келе халқымыздың, еліміздің дамуына, бірігуіне, өсуіне, өркендеуіне, жастарға дем беруіне үлкен себепші болады деп ойлаймын.

ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Қазақстан Республикасының елтаңбасы біздің ойымызша, әлемдік деңгейде, әлем мемлекеттерінің алдында қойылып, көрсетіліп жатыр және біз онымен мақтанамыз. Ол – біздің рәміздеріміздің бірі. Сол себепті, мен ойлаймын, дәл осындай Ұлы нәрсе – біздің саясатта әлем елдерімен тереземіз тең болуының – осы бір кісінің өнерінің арқасы деп ойлаймын, осы бір кісінің шабытының арқасы деп ойлаймын.