$501.49 €525.71 ₽5.77
×

"Заң үстемдігі қоғамға дендеп енуге тиіс",-Президент

27.02.2025ж. 20:00
186
"Заң үстемдігі қоғамға дендеп енуге тиіс",-Президент

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Памела Харристі қабылдады. Президент оған алдымен ілтипат білдіріп, жауапты қызметке сайлануымен құттықтады. Сонымен қатар оның тәжірибесі Ұйым қызметіне тың серпін беретініне сенім білдірді.Президент құқықтық мемлекет құруда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сот жүйесін реформалаудың шешуші мәнге ие екенін атап өтті. Бұдан бөлек, кездесуде сот төрелігі жүйесін реформалаудың негізгі аспектілері қарастырылды. Сондай-ақ, сот органдары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуге, сот өндірісінде цифрлық шешімдерді және жасанды интеллектіні қолдану перспективасына баса назар аударылды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыруға бағытталған өте маңызды реформаларды қолға алдық. Заң үстемдігі қоғамға дендеп енуге тиіс деп санаймыз. Менің ойымша, бұл еліміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі үшін өте өзекті. Сондықтан Халықаралық қауымдастық Қазақстанмен, еліміздің сот жүйесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек.