$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Атырау облысында мектеп автобусымен садақаға барған мектеп директоры лауазымынан босатылды

27.02.2025ж. 20:00
125
Атырау облысында мектеп автобусымен садақаға барған мектеп директоры лауазымынан босатылды

Атырау облысында мектеп автобусымен садақаға барған директор лауазымынан босатылды. Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылындағы Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің басшысы мен мұғалімдері балалар таситын көлікпен көрші ауылға бата оқуға барған.
Әлеуметтік желіге жариялаған видеодан соң, мектеп басшысы оқиғаның демалыс күні болғанын алға тартты. Аудандық білім бөлімі болса, алыс елдімекендерден оқушыларды тасымалдайтын көлікті жеке мақсатқа пайдаланбау туралы мектеп директорларына арнайы ескерту хат жібердік деп отыр. Құлақ аспаған директор бұған дейін де еңбек заңдылығын бұзған боп шықты.

ЗҮЛФИЯ МАҒЗОМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Құрманғазы аудандық білім бөлімімен осы директорға қатысты бұған дейін ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес, ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шаралар қолданылған болатын. Және де осы соңғы тексерістің нәтижесінде, сондай-ақ Бақылау департаментінің ұсынысы бойынша қазіргі күні директор лауазымынан босатылды.