"Кәсіптік бағдар – дұрыс таңдау - табысты мансап". Елордада осындай атаумен колледж студенттеріне арналған байқау өтті. Онда студенттер «Мамандығым– мақтанышым» және "Дұрыс таңдау жаса" кезеңі бойынша өзара сайысқа түсті. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай конкурс білім алушылардың қызығушылығын жандандыруға және кәсіптік бағдар беру мәселелерінде студенттердің қоғамдық маңызы бар ісін қолдауға және дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ байқау аясында кәсіптік бағдар беру көрмесі ұйымдастырылды.
АҚМАРАЛ ХОН ҚАЛАЛЫҚ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бұл байқауға 25 колледж өздерінің ұсыныстарын берді. Бірақ соның ішінде іріктеу кезінде 10 ғана колледжді қазылар алқасы таңдап алды. Оның ішінде шығармашылық үй тапсырмасы дейді ғой, осындай кәсіби бағдар беру жұмысын қалай көрсете алады? Әртүрлі материалдар дайындаған, исскуственный интеллект деп жатырмыз оны да көрсетті.
БЕКБОЛАТ ЖАНБОЛАТҰЛЫ, МЕНЕДЖМЕНТ БИЗНЕС ЖӘНЕ БІЛІМ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:
Конкурсқа екі аптадай дайындалдық. Өте қиын болды, ұстаздарымыз қасымызда үйретті. Бұл локоны деп аталады. Шашты утюжокпен бұйралаймыз. Бұйралаған соң оның сыртын лакпен қатырамыз да тарақпен тараймыз. Маникеннің шашын өзім боядым.Челкасын қызылға, жоғары жағын қоңырға бөле кетіп боядым.