Алғыс айту және Партия күні қарсаңында «AMANAT» үздік бастауыш партия ұйымы мен қоғамдық қабылдау бөлмесі байқауын қорытындыланы. Іс-шараға бейнеконференцбайланыс арқылы 3700 бастауыш партия ұйымы мен 225 қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілі қатысты. Төраға Ерлан Қошанов ұйым партияның негізгі тірегі екенін атап өтті. «Amanat» партиясының түрлі жобасы жұрт игілігі үшін іске асып келеді. «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Таза Қазақстан» секілді жобалар -осының дәлелі. Жиын барысында мәжіліс спикері түрлі салада еңбек етіп жүрген еліміздің 16 белсенді азаматына партия билетін табыстады. Олардың қатарында Роза Мұқанова, Әділбек Алпысбай, Қайрат Дүйсенов секілді азаматтар бар.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Соңғы бірнеше жылда «Amanat» партиясы үлкен трансформациядан өтті. Біз жұмыс тәсілін түбегейлі өзгерттік. Сонын нәтижесінде халықтың тарапынан үлкен сенім мен қолдауды өздеріңіз көріп отырсыздар. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесіне сәйкес, партия көтеріп жүрген өзекті мәселелердің басым көпшілігі халықтың қолдауы мен сенімінен шығып отыр. Мемлекет басшысы өзінің жолдауы мен сөздерінде партияның рөлін айрықша атап өтеді. Партия жобаларына да оң бағасын беріп жатыр. Бұл біз үшін үлкен абырой және зор жауапкершілік.