$501.49 €525.71 ₽5.77
×

"Декретке миллионмен" шыққысы келген әйелдер сотталып кетуі мүмкін

27.02.2025ж. 20:00
60
"Декретке миллионмен" шыққысы келген әйелдер сотталып кетуі мүмкін

"Декретке миллионмен" шыққысы келген әйелдер сотталып кетуі мүмкін. Елде табысын өтірік көрсетіп, көбірек декреттік төлем алғысы келген 113 әйелге қатысты 16 қылмыстық із қозғалған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Салдарынан мемлекетке 159 млн теңгеге жуық залал келіпті. 1,5 мыңға таяу келіншек табысын артық көрсеткенін мойындап, сақтандыру қорындағы 3,4 млрд теңгені үнемдеген. Осы бағытта заңға бірқатар өзгеріс әзірленді.