Өскеменде безбүйрек ана шақалағын қоқысқа тастап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол баланы жалдамалы пәтерде, ешкімнің көмегінсіз босанған. Бала өлі туған, сондықтан денесін қоқысқа тастаған көрінеді. Келіншек жүктілік бойынша есепте тұрмаған, медициналық көмекке жүгінбеген. Кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
ГҮЛНҰР ТУСУПОВА, ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Аталған факті бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында сәбидің анасы анықталды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.