$501.49 €525.71 ₽5.77
×

Ақтау әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда қолға түсті

Ақтау әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда қолға түсті

Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды. Іздеуде жүрген Тимур Сәдуақасов Өзбекстанда қолға түскен. Қазір ол Қазақстанға жеткізіліп, Шымкенттегі тергеу изоляторына тоғытылды. Жақын арада Павлодар қаласына жеткізіліп, іс облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қарастырылады. Қызметін асыра пайдаланған басшы лауазымды тұлғаларды пара беруге итермелеген. Күдікті адвокат Құрманбаевпен бірге іскерлік серіктестерден 225 млн теңге заңсыз сыйақы алуға келісім жасаған. Алайда олар параның алғашқы бөлігі, яғни 90 млн теңгені алғаннан кейін бұл қаражатты өз пайдасына жаратып, өз міндеттерін орындамаған. Жауапкершіліктен жалтарған экс-орынбасар өзге елде бас сауғалаған.