Алматы облысында экологиялық саясатты іске асыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алатау қаласында қоғамдық ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны таза әрі көрікті етіп сақтау, экологиялық мәдениетті дамыту. Жиын барысында қатысушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын талқылап, қоршаған ортаны ластанудан сақтау болашақ ұрпақ үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Экологиялық білім беруді дамыту, сенбіліктер ұйымдастыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы нақты ұсыныстар айтылып, барлығы табиғатты қорғауға белсене атсалысуға дайын екендерін білдірді.
РОЗА АБИЛОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Халқымыздың сана сезімін өзгерту. Экологиялық тәртіпті тәрбиелеу. Ол өте маңызды. Қазақтар бекер айтқан жоқ, бір адам бір кірпіш салса, бәрі қосылып үй салады, бір адам бір тал салса бәріміз қосылып бақ саламыз. Сондықтан осы жұмыстарды өзімізден бастап, жастарды тәрбиелесек, болашақта онда біздің отанымыз әрқашанда тап-таза болады.