$501.49 €525.71 ₽5.77
×

Семейде қатарластары аяусыз соққыға жыққан оқушының бас сүйегі сынған, миы зақымдалған

27.02.2025ж. 20:00
92
Семейде қатарластары аяусыз соққыға жыққан оқушының бас сүйегі сынған,  миы зақымдалған

Семейде қатарластары аяусыз соққыға жыққан оқушының бас сүйегі сынып, миы зақымдалған. Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, басында және аяқтарында көптеген гематома бар. Дегенмен баланың өміріне еш қауіп жоқ. Науқасқа дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тексерулерден өткізілді. Қазір педиатр, травматолог және невропатологтың бақылауында. Дәрігерлер жасөспірімнің психологиялық оңалтудан өтуі өте маңызды екенін айтты. Ал, төбелесті ұйымдастырған оқушылардың әке-шешесін ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылданды. Қазір іс сотта қаралып жатыр.Сондай-ақ мектеп директоры қызметінен кетті. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен психолог маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.