$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыдағы ірі жол апатына қатысты тергеу ісі басталды

AstanaTV
12.06.2017ж. 20:00
2803
Алматыдағы ірі жол апатына қатысты тергеу ісі басталды

Алматыда автобустың қатысуымен болған ірі жол апатына қатысты тергеу ісі басталды. Тиісті сараптамадан соң оқиғаға кімдердің себепші болғандығын анықтайтын болады. Ал автобус жүргізушісі тежегіштің істен шыққанын айтқан. Бұл туралы бүгін қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Айта кетейік, жол апаты кеше Алтынсарин, Қуанышбаев және Ұлықбек көшелерінің қиылысында болған. 124-ші  автобустың жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Алдымен ВМW көлігін соғады. Оны тұрақта тұрған көліктерге ұшырып жіберген. 8 көлікке зақым келген. Ал оқиғадан зардап шеккен 5 адам медициналық көмекке жүгініпті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Қазіргі таңда аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша саралануда. Алматы ішкі істер департаментіне қарасты, анықтау басқармасының қызметкерлері тергеуге кірісіп кетті. Күні кеше ғана тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның ішінде сот медициналық сараптамасы, адамдардың алған жарақатының нақты деңгейін анықтау мақсатында, сонан соң автотехникалық сараптама, яғни бұл жол апатына әкеп соқтырған себеп - салдарды анықтау мақсатында.