$501.49 €525.71 ₽5.77
×

Астанада сауда үйінің алдында ер адамның басына оқ атып өлтіріп кетті

AstanaTV
28.02.2025ж. 12:58
97
Астанада сауда үйінің алдында ер адамның басына оқ атып өлтіріп кетті
Фото:Видеодан кадр

Астанада «Артем» сауда үйінің маңында ер адамды атып өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Елордада ер адам ауызша қақтығыс кезінде басына оқ тиіп мерт болды. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды. Ер адамның қаруы тәркіленді.

«Жанжал нәтижесінде күдікті марқұмның басына оқ атқан. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде», деп хабарлады полиция.