Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламалардан соң 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі.
Бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілген. Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні. Сонымен қатар 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес екенін атап өткен жөн. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді, - делінген комитет мәліметінде.
Ведомство салықтардың есептелуі мен төленуі салық заңнамасында белгіленген тиісті ставкалар бойынша ұсынылған декларацияларға сәйкес жүзеге асырылатын еске салды.