$503.42 €542.08 ₽6
×

Павлодарлық дәрігерлер ұшақта қан қысымы төмендеп кеткен адамды құтқарып қалды

28.02.2025ж. 20:00
4576
Павлодарлық дәрігерлер ұшақта қан қысымы төмендеп кеткен адамды құтқарып қалды

Павлодарлық дәрігерлер ұшақта қан қысымы төмендеп кеткен жолаушыны құтқарып қалды. Оқиға Тайландтан Қазақстанға келе жатқан жолда болған. Жолаушылардың бірі кенеттен есін жоғалтады. Сол сәтте ұшақта болған ерлі зайыпты дәрігер Ернұр мен Айдана Қабықай дереу көмек қолын созған. Жолаушының қан қысымын өлшеп, қажетті ем шара жасаған. Содан соң науқас есін жиыпты. Бірақ, 8 сағаттық жолда науқастың қайта-қайта қан қысым төмендей берген. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында елге аман-есен жеткізді. 1 наурыз – Алғыс күні қарсаңында бейбіт күннің батырларына «AMANAT» партиясы алғысын білдірді. Қос дәрігер Павлодар қаласындағы Онкологиялық орталықта жұмыс істейді.

ЕРНҰР ҚАБЫҚАЙ, ДӘРІГЕР:

Гиппократтың антын бердік ғой. Ол біздің міндетіміз. Бізге «Эйр Астана» алғыс хатын жіберді. Сол үшінде рахмет! «AMANAT» партиясына рахмет! Жастарға солай көңіл бөліп, шақырып, үлкен алғысымды білдіремін.

AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы әр салада ерлік ісімен көзге түскен азаматтарға алғыс білдірді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко қатысып, жиналған қауымға рахметін айтып, алғыс хаттар табыстады. Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осынау мерейлі датаға орай өңірдегі этникалық бірлестіктердің өкілдеріне де ыстық ықылас танытты.

АЙНҰР МҰХАМЕДИЯРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ең негізгі шара барлығының басын қосып, партия атынан рахметімізді алғысымызды айтып, және екінші бөлімде өзіміздің партия күніне орай жаңа партияластарымызды қабылдаймыз. Жұмысшы жылы болғандықтан, әр түрлі зауыттардан әр түрлі мекемелерден үлкен құрылыс мекемелерінен қабылдай отырамыз.