Ертең Рамазан айы басталады. Биыл ораза 29 күнге созылады. Ол 1 наурызда басталып, 29-на аяқталады. 30 наурыз -ораза айт мерекесінің алғашқы күні. Ал айдың 26-сынан 27-сіне қараған түн Қадір түні болып белгіленді. Мұсылмандар бұл қасиетті айда құлшылығын күшейтіп, бойдағы жаман әдеттерден арылады. Сондай-ақ қайырымдылық жасап жарысады. Биыл пітір садақасы 655 теңге болып бекітілді.