$499.22 €519.14 ₽5.64
×

Елімізде бүйрек транплантациясына мұқтаж науқастардың саны төрт мыңнан асты

28.02.2025ж. 20:00
84
Елімізде бүйрек транплантациясына мұқтаж науқастардың саны төрт мыңнан асты

Алматылық дәрігерлер күн сайын қаншама адамға жаңа өмір сыйлайды. Талай науқастың дертіне шипа берді. Ал тұрғындардың ақ халаттыларға айтар алғысы шексіз.

Мәлік Зайнолдин екі жыл бұрын бүйрегінде ауыр кесел бар екенін білген. Жағдайы күрт нашарлап, ағза ауыстыруға тура келіпті. 25 жастағы жігітке анасы жаңа өмір сыйлады. Яғни, донор болды. Күрделі операция бес сағат жасалған. Енді Мәлік бүгін 8 тәуліктен соң отбасымен қауышпақ.

МӘЛІК ЗАЙНОЛДИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ота негізі бәрі сәтті аяқталып, бәрі жақсы ойдағыдай болды. Соны ескере отырып, өзімнің анама алғыс айтқым келеді ең біріншіден. Екіншіден, осы Сызғанов орталығының барша дәрігерлеріне, басшылығына алғыс айтам, медбикелеріне.

Мәліктің құтқарушы дәрігері – Ернұр Белгібаев. Оның айтуынша, қазір күту парақшасында 4 мыңнан аса науқас донор іздеп, кезекте тұр. «2012 жылдан бері 700-ден аса трансплантацияны сәтті жүргіздік» - дейді ол. .

ЕРНҰР БЕЛГІБАЕВ, А.Н.СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОТА БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, УРОЛОГ-ТРАНСПЛАНТОЛОГ:

Ең бірінші мақсатта мәйіттік донорды дамыту керек Қазақстанда мәйіттік транплантацияны. Сол кезде біз осы күту парақшасында тұрған адамдардың көбісіне көмектесе алатын едік.

Наталья Жихарева да дәрігерлерге алғыс айтады. Зейнеткер табан астында құлап, сіңірі созылып, қолын қатты зақымдаған. Салдарынан жүйке жүйесі сыр беріпті.

НАТАЛЬЯ ЖИХАРЕВА,ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Дәрігер бір қарағаннан-ақ дұрыс диагноз қойып, ота жасап берді. Қолым ауырып, азап көрген күндерімді артта қалдырған дәрігерлерге алғысым шексіз. Операцияны микрохирург – Қанат Мұхаммедкерім жасаған. Дәрігердің сөзінше, олар күніне кемінде бес операция жасайды.

ҚАНАТ МҰХАММЕДКЕРІМ, МИКРОХИРУРГ:

Біз аптасына 15-20 ота жасаймыз. Олар жоспарлы түрде, бізде жедел оталар өте сирек болады. біз енді қалпына келтіреміз, жақсы өмірлеріне қайтадан келтіруге сондай мақсатпен жасаймыз.

АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Дәрігер - тек мамандық емес, бұл үлкен жүрек пен адал еңбекті талап ететін миссия. Ақ халаттылардың көз алдынан күніне жүздеген жанның тағдыры өтеді. Олар үшін адам өмірін құтқарудан асқан абыройлы іс жоқ. Сондықтан медицина әрдайым құрметке лайық салалардың бірі болып қала береді.