$503.15 €543.3 ₽5.93
×

"Өндірістегі адам өлімі әлі де азаймай отыр", – М.Әшімбаев

28.02.2025ж. 20:00
135
"Өндірістегі адам өлімі әлі де азаймай отыр", – М.Әшімбаев

Өндірістегі адам өлімі әлі де азаймай отыр. Оның 80 пайыздан астамы ірі және орта өнеркәсіп орындарында болған. Бұл туралы бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Ол төтенше оқиғалардың 44 пайызы Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі деді. Сенат төрағасы барлық заңнама бар. Енді оған бақылау қажет екенін айтты.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Заңнамалардың орындалуын бақылауды күшейту, алдын алу шараларын кеңейту және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру аса маңызды екенін атап өткен жөн. Бұл бағытта бизнес, еңбек инспекциясы және өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармалары тарапынан белсенді жұмыс жүргізілуге тиіс деп есептейміз