Алматыдағы №164 Бөбекжай-балабақшасында «Инклюзивті тәжірибедегі педагогикалық, техникалық әдістер» атты аудандық семинар өтті. Іс-шарада инклюзивті білім берудегі заманауи әдістер, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізу тәсілдері көрсетілді. Педагогтер шеберлік сыныптарына қатысып, ашық сабақтар арқылы өзара тәжірибе алмасты. Семинардың басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру және ерекше балаларға қолайлы орта қалыптастыру.
ҚАРЛЫҒАШ АҚМЫРЗАЕВА, АЛАТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Инклюзивті білім беру бұл мына кейінгі 10 жылдың көлемінде Қазақстан Республикасында қолға алынып келе жатқан бір үлкен бір жұмыс. Себебі әр тұлғаны қалыптастыру үшін ерекше балаларды мына ортаменен бейімдеу, ортаға бейімдеу, ортамен бірге тұлға етіп, тұлға ретінде қалыптастыру үшін қазіргі таңда мына мамандарды дайындауымыз қажет. Мамандарменен әртүрлі жаңағы мастер сабақтары іс- шаралар семинар өткізу арқылы мамандардың өзін біз осы жаңағы білім беруге үйретуіміз керек.