Қазақ тілі әлемдегі үздік 80 тілдің қатарына кіреді. Ана тілін ардақтап жүрген ағайын үшін бұл үлкен жетістік. Жер бетінде 7 мыңнан аса тіл болса, оның үш мыңы жойылуға шақ. Өйткені қолданыс аясы тым аз. Бұл туралы «Қазақ тілі» қоғамының сегізінші құрылтайына қатысқан Ерлан Қарин айтты. Жиынға министрлер, тіл жанашырлары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Арнайы келген Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
Мемлекет басшысы ана тілімізді дамытуға, оның қолдану аясын кеңейтуге айрықша мән береді. Президент жыл басында «Ана тілі» газетіне берген сұқбатында тіл мәселесіне арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ тілінің бәсекеге қабілетті тіл екенін және оны үйренуге қызығушылықтың артып келе жатқанын қадап айтты. Жақсы нәтижеге жету үшін білім ошақтарында тіл үйрету жүйісін жетілдіру мәселесіне де тоқталды. Ана тіліміздің тағдыры жаһандық бәсекеге қабілетті, көбіне цифрлық технология үдерісіне тікелей байланысты.
Жұрт іздеп жүріп көретін Disney өнімдерін тек 30 мемлекетке аударуға рұқсат береді. Оның қатарында Қазақстан бар. Тіпті, биыл аударма жұмысына өздері қаржы құйған. Бұған сұраныстың көп болуы себеп дейді. Мысалы, «Ойжұмбақ-2» филімі бар-жоғы 4 күнде 40 миллион аса қаражат жинаған. Тілді дамыту жолында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қажырлы еңбек сіңіріп келеді. Әрі қарай да істі домалатуды көздеп отыр. Ендігі негізігі міндет - жасанды интеллект арқылы тіліміздің қолдану аяғын одан әрі арттыру.
РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Қазақ тіліндегі балаларға арналған, тілін қазақша шығаруға көмектесетін әдебиеттен бастап, көркем әдебиет, іскерлік әдебиет, ғылыми әдебиетті қолдауымыз керек. Одан кейін медиа. Анимация, кино, көпшілік қарайтын дүниенің барлығынқазақ тілінде көбейту керек, молайту керек.