$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Еуроодақ елдері Қазақстанға 200 млрд доллардан астам инвестиция құйған

28.02.2025ж. 20:00
382
Еуроодақ елдері Қазақстанға 200 млрд доллардан астам инвестиция құйған

Қазақстанға Еуроодақ елдерінен келетін тікелей инвестиция көлемі 200 млрд доллардан асты. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан – Еуроодақ" диалогтік платформасының 16-шы отырысында айтты. Жиында 2029 жылға дейінгі жаңартылған инвестициялық саясат тұжырымдамасы талқыланды. Енді Үкімет нормативтік рәсімдерді бюрократиядан арылту және оңтайландыру үшін мемлекеттік басқаруға цифрлық шешімдер енгізбек. Айта кетейік, қазір ұлттық цифрлық инвестициялық платформасы, сондай-ақ лицензиялау процестерінің ашықтығын қамтамасыз ететін порталдар іске қосылды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бүгінде Еуропалық одақ – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Бұл еліміздің сыртқы саудасының үштен бірінен астамын және тартылған инвестицияның жартысын құрайды. өткен жылы елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымы 17%-ға өсіп, $50 млрд-қа жетті. Біз Еуропаға жеткізілетін тауар номенклатурасын одан әрі кеңейтуге және әртараптандыруға мүдделіміз