Астанада дүкен иелеріне айыппұл салынды. "Заң және тәртіп" аясында тәртіп сақшылары "Қауіпсіз қала" атты рейдтік шара ұйымдастырды. Оған Сарыарқа ауданы әкімдігі мен Прокуратура және Жастар рухы жастар қанатының еріктілері қатысты. Шара аясында 21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатқан фактілер анықталды. Мұндай заңсыздыққа жол берген сатушыларға хаттама толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ЖАЛИД ТАҢАТАРОВ, ВОЛОНТЕР:
Рейдтің мақсаты электрондық темекілерге және де насыбайларға сатуға тиым салынған. Кәмелетке толмаған жастарға осы бойынша рейдке шыққан болатынбыз. Біздің енді жастарға беретін түсіндіргіміз келгені, жеткізгіміз келгені бұндай тиым салынған нәрселерді, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерді тұтынбаса екен дейміз.