Ақтөбе облысында су тасқынының қаупі жоғары. Биыл қар әдеттегіден үш есе көп жауған. Жер тоңы қалың. Мамандар қала мен бес аудан суға кетуі мүмкін дейді.
Өңірде екі жүзге жуық уақытша орналастыру пункті әзірленген. Қазір облыс орталығы мен сегіз ауданда мұз жару жұмыстары жүргізілетін 22 орын анықталған. Қар тазалау, бөгеттерді бекіту шаралары қарқынды жүруде.
АЙБАТ ЖАҢАБЕРГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Тонның қатуы 25 смден 107 см дейін болып тұр. Қардың түсуі кей жерлерде 31-35 см қардың биіктігі. Елек, Қарғалы өзен бойларын жағалауын нығайту жұмыстарын бастап кеттік. Қала бойынша бес участок анықталды. Ол жерге барлық Ақтөбе облысы күш құралдары Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі, ТЖМ әскерилері барлығы жұмылдырылған.
Жердегі тоң жылдағыдан шамамен екі есе қалың. Биылғы жылы әдеттегіден үш есе көп қар түсті. Синоптиктер наурыз айында да облыста қар жауады деп отыр.
ЛАРИСА ТАРАСЕНКО, «КАЗГИДРОМЕТ» РМК АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АУА РАЙЫН БОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Бізде әлі алда наурыз айы бар. Наурызда тағы қар түсуі ықтимал. Алдын ала болжам бойынша наурыз айында қар әдеттегі нормадан көп болуы мүмкін. Бізге ақпан айында әдеттегіден үш есе көп қар түсті. Қазір 48 миллиметр қар жатыр.
Өңірде су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Екі жарым мыңнан астам адам, 850 техника, 441 мотосорғы, 102 жүзу құралы дайындалған. Қажет болған жағдайда көршілес Қызылорда және Маңғыстау облысынан күш пен құралдар қосымша көмекке тартылатын болады.