$499.22 €519.14 ₽5.64
×

Атыраулық оқушылар көгалдандыруға үлес қосты

28.02.2025ж. 20:00
90
Атыраулық оқушылар көгалдандыруға үлес қосты

Атыраулық оқушылар «Таза Қазақстан -жасыл өлке» танымдық сабағына қатысты. Абай атындағы оқушылар орталығында түрлі үйірмеге қатысатын ұл-қыздар осылайша экологиялық мәдениетті мектеп қабырғасында үйреніп жатыр. Балалар облыстық ашық сабақта гүл, көкөніс дақылдарын және ағаш тұқымдарын екті. Бұған дейін олар«Таза Қазақстан» акциясы аясында түрлі жоба дайындаған. «Табиғат», «Туған өлке» атты сенбіліктеріне қатысқан. Осы арқылы жас ұрпақты табиғатты сүюге, қамқорлауға тәрбиелейміз,- дейді ұйымдастырушылар.

МАҚАШ ІЛИЯСОВ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жалпы акция тек бастамасы. Бұл жыл бойына жалғасады. Себебі осы дәннен өсіп шыққан өсімдіктерді одан әрі қарай күтіп ұстау, күтіп баптау жұмыстары және жемістері өсіп кеткенге дейінгі жұмыстардың барлығы осы акция негізінде жалғаса беретін болады.