$499.22 €519.14 ₽5.64
×

Астанада күніне 200-ге жуық адам қан тапсырады

Астанада күніне 200-ге жуық адам қан тапсырады

Астанада күніне 200-ге жуық адам қан тапсырады. Қазір елордада «Мен донормын» акциясы қарқынды жүруде. Бұл мыңдаған адамның өмірін сақтап қалып отыр. Қаладағы қан орталығы күніне 23 емхананы қамтамасыз етеді. Медициналық мекеменің көшпелі тобы емханалар мен ауруханаларға барып жиі донорлық акциялар ұйымдастырады. Мамандардың айтуынша, еліміздің 18 жастан асқан, салмағы 50 келіден жоғары кез келген азаматы донор бола алады.

МЕРУЕРТ ЖӘДІГЕР, ҚР ДСМ ТРАНСФУЗИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТРАНСФУЗИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Негізі бір рет тапсырған кезде сіз үш адамның өмірін құтқарасыз. Яғни, біз тромбоцит, қан және плазма жасаймыз. Қанмен қоса, бізде қан компоненті, яғни тромбоцит аламыз. Тромбоцитті кіші доза деп атаймыз. 400 мл тромбоцит алынады ол жерден. Бүгінгі күні бізге І топтан 60 қан керек деді. ІІ топтан 60 қан керек деді. Біз сол 60 қанды жинауымыз керек. Күнделікті заявканы 100 процент жабамыз.

ҒАБИТ ІҢКӘРБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

2019 жылы тапсырғанмын. Бүгін тағы да келіп тапсырайыншы деп, енді оразаның алдында мүмкін біреуге жәрдем болып қанымыз керек болып қала ма деген бір себеп, екіншіден денсаулығымызға жақсы болады.