Алматыда 2 жастағы сәби 105 магнит түйіршігін жұтып қойған. Ата- анасының айтуынша, олар қонақта болған. Баласының бөгде зат жұтқанын білмеген. Сәбиінің іші ауырғанда ғана, рентген арқылы асқазанында көптеген магнит бары анықталған. Дәрігерлер дереу операция жасап, баланың өмірін сақтап қалды.
МЕЙІРЖАН ҚҰРМАНАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ :
Біз алдымен эндоскопиялық әдіспен алып тастауға тырыстық, бірақ заттардың саны тым көп болғандықтан, бұл әдіс сәтсіз аяқталды. Сондықтан шұғыл түрде хирургиялық операция жасалды. Ота бір жарым сағатқа созылды, нәтижесінде 105 магнит алынды. Жыл сайын бізге шамамен 45 бала магнит жұтып қою себебімен түседі.