Отбасы банкі жақын күндері мемлекеттік сыйлықақының төлене бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қуанышты жаңалық! Мемлекеттік сыйлықақы жақындап қалды! Құрметті клиенттер! Мемлекеттік сыйлықаының есептелуіне және техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты кейбір қызметтер уақытша қолжетімсіз болады. Қаржылық операцияларды алдын ала жоспарлап, төлемдерді уақытында жүргізуді ұсынамыз», - деп хабарлады банктен.
Сондай-ақ кей қызметтің қай күні қолжетімсіз болатынын ескертті:
1 наурыз – шот ашу және біліктіліктен өту агенттік желі, видеобанкинг, мобильді қосымша және Baspana порталы;
2 наурыз 08:00-ден 3 наурыз 08:00-ге дейін – баламалы арналар арқылы шоттарды толықтыру.