"Наурыз жұмыскер" жаңа ипотекалық бағдарламасына өтінімдер қабылдау 17 наурызда басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимованың сөзінше, 5 наурыздан бастап "Наурыз" ипотекалық бағдарламасына өтінімдер қабылданады.
"Ал 17 наурыздан бастап "Наурыз жұмыскер" бағдарламасы іске қосылады, ол "Наурыз" бағдарламасының бір бөлігі. Бұл бағдарлама бойынша барлық жұмысшы мамандар өтінім бере алады. Өтінушілер жұмыс орнынан анықтама ұсынуы керек. Банк қызметкерлері ұйымның реквизиттерін және БИН нөмірін, өтінушінің мамандығын тексереді", – деді Ләззат Ибрагимова.
Республика бойынша тұрғын үйге бөлінген сома өзгеріп отырады. Мысалы, Алматы мен Астанада берілетін қарыздың ең жоғарғы сомасы – 36 млн теңге, ал облыс орталықтарында – 30 млн теңге.